Түркістанда өзбек киносының күндері өтті

549

2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп аталып өтті. Осы бастамалар аясында бауырлас халықтарымыздың жақындастығын тереңдетуге септігін тигізетін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған болатын, соның жалғасы ретінде 2019 жылдың 11 қаңтарында Түркістан қалалық мәдениет үйінде Өзбек киносының күндері өтті.

Көрсетілім барысында Шыңғыс Айтматовтың қиссасы аясында түсірілген «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмі (сценарий авторы: Сарвар Каримов пен Керез Зарликова, рөлдерде: Адиз Ражабов, Мадина Талипбек, Улуғбек Қодиров, Элина Абайқызы, Бобур Йулдошев, Журабек Орзиев, Матёқуб Матчонов, Нигора Каримбоева, Алишер Узоқов), қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы, қоршаған ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттарын қолданып түсірілген «Слово Абая» деректі фильмі (режиссері: Шухрат Махмудов), «O’zbekkino» агенттігінің тапсырысы бойынша «O’zbekfilm» киностудиясы түсірген тарихи кинокартина «Ойкиз» ертегісі (режиссері: Акбар Бектурдиев) көрермен назарына ұсынылды.

Айтулы іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Фатхуллаев Абрар Джахангерұлы және Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы қатысты.