Түркістанда алғаш рет самбо күресінен жастар мен ересектер арасында жарыс өтіп жатыр. Шараға өңірдегі барлық қала-аудандардан 240 балуан қатысты.
Жарыс кілеміне кілең мықтылар шықты. Дайындықтары да жоғары деңгейде. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен шара ел чемпионатына кіл мықтыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, ақпан айында Семейде өтетін ересектер арасындағы ел чемпионатына және Ақтау қаласында өтетін жастар арасындағы ҚР чемпионатына білегі мықты, жүрегі түкті үздіктерді іріктеу болып табылады. Спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Жарыстың қортындысы 23-қаңтарда белгілі болмақ. Салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен мықтылардың арасынан бағы жанған жеңімпаздар ел чемпионатына жолдама алатын болады.