Бүгін, 16 қаңтарда, елімізде теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады. Оған профилактикалық жұмыстар себеп.
Бұл туралы «Қазтелерадионың» баспасөз қызметі хабарлайды.
Белгілі болғанындай, теле және радиоарналар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін хабар таратпайды.
«16 қаңтарда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы- профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада.