Тергеу сапасы пысықталды

646

«Сотқа дейінгі тергеп тексеру мен сот тергеуі кезінде туындайтын проблемалы сұрақтар». Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өткен дөңгелек үстел жиыны осылай аталды.

Басқосуға Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма басшылары  мен аудандық прокуратура өкілдері, ҰҚКД тергеу органдары жетекшілері, полиция департаментінің және аудандық полиция басқармалары басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел жиналысы барысында судьялар сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарының сапасына байланысты сыни пікірлерін білдірді. Ақтау үкімі шыққан немесе сотталушылардың іс-әрекетін соттар қайта сараптаған кейбір нақты істер талқыланды.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар қылмыстық істерді тергеп тексерудің сапасын арттыру қажеттігі туралы ортақ қорытындыға келді. Бұл аса ауыр қылмыстық істерге де қатысты.

 Жанар Есенбекова