Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Полиция департаментінде халықпен өзара қарым-қатынасты нығайту үшін Сенім телефондары жұмыс істеуде.

Қаланың кез – келген тұрғыны Шымкент ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына 8 /7252/ 21-43-23 немесе ІІМ-нің бірыңғай сенім 1402 телефонына хабарласып, ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан орын алған сыбайлас жемқорлық, лауазымдық өкілеттіктерін теріс және асыра пайдалану, бопсалау, сондай-ақ өзге де заңсыз іс-әрекеттердің жайттары туралы хабарлай алады.

Сенім телефонына түскен азаматтардың барлық өтініштеріне тиісті шаралар қолданылады және бірде-бір қоңырау назардан тыс қалмайды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі