Қорғас – Алматы — Шымкент — Өзбекстан бағытына шығатын Бадам өзенінің үстіндегі көпірде қайта құру жұмыстары басталды. Ені 11 метрді құрайтын өткел бірнеше жылдан бері апатты деп танылған. Тоғыз жолдың торабындағы бұл көпірдің маңыздылығын ескерген шаһар басшылығы толық жаңарту қажет деп шешіпті.
Төрехан Дүйсенов, мердігер компанияның өкілі: «Көпірдің қадалары 25 метр тереңдікте жатыр. Бұрын қазіргідегідей ауыр көліктер болмаған. Сол себепті жобалаушылар салмақты артығымен есептеген, кез-келген салмаққа төтеп беруі тиіс”.
Жаңа көпірдің ені 28 метр, төрт жолақты болады. Барлық стандарттарға сай салынады. Қаржысы дер кезінде беріліп тұрса, құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Қазірдің өзінде екі ауысымға жұмылдырылған құрылысшыларға ауа-райы да кедергі келтіріп тұрған жоқ.
Нұрлан Күдерұлы