Қалалық сот жұмыс іздеп жүрген жас заңгерлерге мүмкіндік бермек

127

Бұл жөнінде бүгін Шымкент сотының ғимаратында өткен кездесуде белгілі болды. Онда жұмыспен қамту орталығы мен жастар істері жөніндегі басқарма ынтымақтастық мемарондумына қол қойды. Шаһар сотымен бірлескен жаңа жоба осы жылдан бастап жүзеге аспақ.

Сот жүйесіне жаңа тыныс беруді тапсырған Елбасы бастамасы Шымкент қаласында жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұған дейін қала әкімімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған қалалық сот енді жастар басқармасымен жұмысты бастап кетті.

Жастар жылы деп жарияланған 2019 жылы жұмыссыз жүрген жас заңгерлерге мүмкіндіктер берілуде. Бұл үшін 200 бос орынды дайындап отырған қалалық сот 2 бірдей басқармамен өзара келісімге келді.

Нұрлан Байтілесов, Шымкент қалалық Соттар әкімшісінің басшысы: «Соттар әкімшісінің бастамасымен қаладағы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында 3 жақты өзара бірлескен ынтымақтастық меморандумына қол қоюды ұйымдастырып отырмыз. Олар Жастар басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы”.

Жандос Қалтаев, Балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы: «Басқармада зерттеу жұмысын жүргізгенімізде негізгі мәселе жұмыссыздық болып шықты. Жұмыссыздықпен күрестің негізгі бағыттарының бірі жастарға бағыт бағдар беру. Жұмыспен қамту жолдарын жасақтау. Осы мақсатта түрлі меморандумдарға қол қойып, жұмыстарды бастап жатырмыз”.

Қалалық соттың тың бастамалары мұнымен бітпек емес. Жастармен кездесу барысында сот өкілдері цифрлық бағыттағы пилоттық жобаларды таныстырды. Енді қала халқы сотқа өтінішті электронды түрде бере алады. Одан бөлек, сот процесіне қашықтықтан қатысу мүмкіндігі де туып отыр. Сондай-ақ, сот актісіне де қашықтықтан қол жеткізуге болады.

Нұрсұлтан Байтілесов, Шымкент қалалық Соттар әкімшісінің басшысы: «Бұған дейін халық актіге автобуста отырып, уақытын кетіріп қол жеткізіп жүрсе. енді үйінде отырып та жұмысын аяқтай алады. Түнгі соттың басты мақсаты халыққа сот төрелігін қолжетімділігін қамтамасыз ету”.

Кездесуден бөлек жиналған жастар сот музейін де көруге мүмкіндік алды. Онда Оңтүстік Қазақстан сотында қызмет атқарған судьялар таныстырылды.

Назерке Үкібасова