Шымкент қалалық сотына алқа төрағасы мен жаңа судьялар тағайындалды

83

Шымкент қалалық сотында ауыс-түйіс және жаңа тағайындаулар. Бүгін әкімшілік сот пен алқа төрағасы және қалалық сот пен аудандық соттардың судьялары таныстырылды. Оның ішінде бұған дейін экономикалық сотта қызмет еткен Ерлан Сералиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Шымкент сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Ерлан Сералиев, Шымкент қалалық сотының судьясы: «Судьялар жақтап дауыс беріп,жұмыстың көрсеткіші тексеріледі. Судьялық тәжірибе есепке алынады. Менің сот жүйесінде қызмет атқарғаныма 24 жылға жақындап келе жатыр. Сол тәжірибемді ескерген деп ойлаймын. Осы қызметке тағайындалғаныма қуаныштымын. Президенттің сенімін ақтауға бар күшімді саламын».

Ал 15 жылдық еңбек өтілі бар қалалық соттың бұрынғы судьясы Бәйдібек Дүйсебеков қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол алдағы уақытта әділдіктің туын желбіретіп, адал еңбек етемін деді.

Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ демекші әділдік саласында, сот жүйесінде жұмыс істегеннен кейін біздің басты қағидамыз сол. Жаңадан тағайындалып жатқан әріптестерме сәттілік тілеймін. Қызметте қажымас денсаулық, абырой тілеймін».

                                                                                                 Мөлдір Ибадуллаева