Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі — мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – Мұратжан Омарбекұлы Акишевтің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін. Қабылдау мекенжайы:
Шымкент қаласы, Астана даңғылы, №10, №410 кабинет, тел.: 8 (7252) 24-70-50
shymkent.gov.kz