Құжатсыз жүргізушілер құрықталды

268

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» меп аудандық Ішкі Істер Бөлімінің жол патрульдік полиция қызметі және кәмелетке толмағандар ісі бөлімінің инспекторларымен біріге отырып Мырзакент, Атакент кенттерінде түнгі рейдтік шаралары жүргізілді.

Ондағы негізгі мақсат – ойынханалар мен көңіл көтеру орындарында, көшелер мен түнгі клубтарда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасынсыз жүруіне жол бермеу, түнгі қалада автокөлік жүргізушілерінің масаң күйде көлік жүргізуіне тосқауыл қою, жол көлік аппаттарының алдын алу болып табылады.

Өткен жылдың әр аптасында осындай рейдтердің жүргізілуіне қарамастан құжатты қажет етпейтін жүгенсіз жүргізушілердің әлі де бар екеніне рейд барысында көз жеткізілді. Кейбірі айыбын жасырып, полиция қызметкерлерінен қашып құтылмақ болса, енді бірі қалта телефонынан тамыр-таныстарына қоңырау шалып, араға адам салуға да әрекеттеніп бақты. Әйтсе де, заңның баршаға ортақ екенін түсіндірген құзырлы орган қызметкерлері кінәлілерге хаттама толтырып, автокөліктерін айып алаңына қойды.

Айта кетейік, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мұндай рейдтік шаралары жыл бойы үздіксіз жүргізіліп отырады.