Қазақстаннан 9 мың жетім баланы шетелдіктер асырап алған

432
Túrkistan

Қазақстанның 9 мың жетімегін шетелдіктер асырап алған, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 6 мыңы АҚШ-та. Ирландия, Ұлыбритания, Германия, Франция сынды басқа да Еуропа елдеріне аттанғаны қаншама. Бүгінде қазақстандық балалардың шетел асуы сиреп келеді.

Деректерге сүйенсек, 1999-2012 жылдары қазақстандық жетімдерді асырап алуға ниетті шетелдіктер күрт көбейген. 8000 бала азаматтығын ауыстырды. Ал 2013-2016 жылдары 125 баланы шығарып салдық. 2017 жылы он бала шетел асқан. Байқасаңыз, көрсеткіш жыл сайын сиреп келеді.

Қазақстандық баланы асырап алғысы келетін шетел азаматы шамамен 30-40 мың долларын жұмсауы тиіс. Құжат жинаудан бөлек, белгілі уақытта мемлекетті баланың жағдайынан хабардар етіп отыру міндеті тағы бар. Яғни қазақстандық жетім баланы асырап алу үрдісі күрделі. Бүгінде Испания, Италия, Франция, Канада, Бельгия, Англия сияқты елдер бала асырау бойынша Қазақстанға жүгіне алады. Тек 2012 жылдан бері АҚШ-қа мұндай құқық берілмейді.