Өткен жылы 57 шымкенттік азамат сот шешімімен әке деп танылып, алимент айқындалса, 29 тұлға ата-аналық құқығынан айырылған. 25 ажырасқан бұрынғы ерлі-зайыптының балаларының қай ата- анамен қалатындығы сот арқылы анықталған. Бұл туралы Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айтылды.
Өткен жылы кәмелетке толмағандар жөніндегі сотқа 267 тұлғаға қатысты 52 қылмыстық іс келіп түскен. 15 сотталушыға қатысты сот үкімі оқылған. Ауыр санаттағы қылмыспен 9 сотталушы бас бостандығынан айырылған. Соның ішінде балаларрға жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған екі азамат темір торға тоғытылған. Ал кәмелетке толмағандардың арасында тонау мен ұрлық қылмысы өршіп тұр дейді судьялар.