Кісі өлімін жасырған тәртіп сақшылары қамауға алынды

159

Ағымдағы жылдың ақпанында Бас прокуратурамен аса ауыр қылмысты жасырғаны және В.Сухаревтің өлімі бойынша тергеу кезіндегі қызметтегі әрекетсіздік танытқаны үшін Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілері А.Калдибеков, Е.Калиев және осы басқарманың тергеу бөлімінің бастығы М.Сарманов ұсталды. Аталған лауазымды тұлғалар соттың санкциясымен қамауға алынған.

Оларға, 2018 жылдың қазан айынан бастап В.Сухаревті өлтіру дерегінің нақты белгілері болуына және күдікті тұлғаның анықталуына қарамастан, соңғыны ұстауға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға шаралар қолдынылмады деген күдік тағылды.

Бұл дерек олармен жасырылған және криминалды емес оқиға ретінде тергелген.
Тек прокуратура органдарының араласуынан кейін қылмыстық іс адам өлтіру қылмысына қайта дәрежеленіп, осы қылмысты жасаған Ю.Тарасов тергеу изоляторына қамалды.

Полиция Департаменті бастығының бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан шеттетілді.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру Түркістан облысының арнайы прокурорларына жүктеліп, тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі