Шымкент қаласында «Самал», «Тұлпар», «Авто-Нұр», «Қырғы», «Айна» базарларында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталымен белсенді пайдалануға тарту мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмысын бастады.
Бұл қызмет бұрыштары – халық көп шоғырланған жерлерде ұйымдастырылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны қажет етпейтін көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті болдырмау мақсатында қызмет етеді.
Ірі сауда базарларында ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тек мемлекеттік қызметті көрсетумен шектелмей, қызмет алушылардың электрондық цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді қадам-қадаммен алу жолдары түсіндірілген видеороликтер азаматтардың ұялы телефондарына орнату көзделуде.
Сонымен қатар, қызмет көрсету бұрыштарында арнайы бекітілген ХҚКО мамандары, азаматтарға «Электронды үкімет» порталы және телеграм мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізілуде.
үгінгі күні электрондық үкімет порталы арқылы 500-ден астам электрондық қызмет қол жетімді.