Электронды үкімет порталын пайдалануды үйренді

645

Шымкенттіктер Халыққа қызмет көрсету орталығында өз сұрақтарына жауап алды. Ашық есік күнін өткізген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясында олар бірқатар мәселені талқылады. Атап айтсақ, зейнетақы, жүктілік және босануға байланысты төлемақы мен еңбек өтілін жинақтау анықтамаларын алу жолы түсіндірілді.

Бауыржан Сейдазимов, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының басшысы: «Мұнда қызмет алушылардың сұрақтары бойынша жауап беріледі. Жылжымайтын мүлікті тіргеу, жылжымайтын мүлікті түгендеу, жер кадасторы бойынша сауал тастаушылар басым. Сұрақтар болса, келіп осы жерден кеңес алсаңыздар болады. Мәселелерді шешуге тырысамыз».

Халықты қабылдаған орталық мамандары тек төлемақы мәселесімен шектелген жоқ. Мұнда қызмет алушылар мемлекеттік қызметтердің бизенес-процестері мен электронды үкімет порталын пайдалануды үйренді. Одан бөлек, жер учаскесі мәселесін де күн тәртібіне қойды. Айта кетейік, ай сыйын жалғасып келе жатқан ашық есік күні енді наурыз айында қайта ұйымдастырылмақ.