Этномәдени орталықтардың төрағалары мәжілісменмен кездесті

474

Шымкентте этно-мәдени орталық басшылары шұғыл жиналды. Қоғамдық келісім үйінде бас қосып, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадовпен кездесті. Достықты ту еткендер өткен жылды қорытып, ынтамағы ұйығын елдің ауызбіршілігін сақтауға уағдаласты.

Әр өңірде жұмыс істейтін Достық үйінің мәртебесі бір төбе. Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат Ахмед Мурадов бұл ғимаратта тек мәдени іс-шара емес, халық жоғы түгелденетінін тілге тиек етті. Бас қалада да достық үйлеріне ерекше көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Өңірлердегі этномәдени орталықтарының кем-кетікті бірлесе шешіп жатқан жайын сөз қылды.

Ахмед Мурадов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Өңірлердегі Қазақстан Халқы Ассамблеяларының ғимараттары Достық үйі деп аталады. Көптеген қалаларда аталған ғимаратты сұрасаң Достық үйі ме деп бірден айтады. Аты айтып тұрғандай, тілі, ділі бөлек болса да түрлі ұлттардың басын біріктіріп отырған осындай ұйытқы ұйымдардың көптегі артықтық етпейді. Алдағы уақытта этномәдени орталықтар жұмыстарымызды жүйелеп, қоғамымыздың дамуы үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек».

Өңірлердегі Қазақстан Халқы Ассамблеяларының қол астында біріге де, кіріге жұмыс атқарып жатқан этно мәдени орталықтар ұлттар достығын дәріптейтін көптеген шараларға ұйытқы болып жүр. Өңірімізде жыл сайын ұйымдастырылып жүрген «Қазақ дастарханы» соның бір дәлелі. Екі жыл қатарынан өткен шарада иран мәдени орталығы бас жүлдені бермей келеді.

Сапарқұл Нұрысбек, Түркістан облыстық Иран этномәдени орталығының төрағасы: «Иран мәдени орталығы өткен жылы көптеген іс шаралар өткізді. Кейінгі 8 жыл ішінде Иран Ислам мемлекетінен Шымкентке, Түркістан қаласына концерттік бағдарламасын қойды. Бүкіл Қазақстанға келіп бағдарламасын өткізді. Көптеген ирандар Түркістан облысында шоғырланғаннан кейін өздерінің апталықтарын өткізеді».

Этномәдени орталықтар жыл сайын балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық көрсетіп келеді. Бұдан басқа да атқарып жатқан ауқымды жұмыстары баршылық. Бүгінгі жиында да осы тарапта атқарылған шаралардың нәтижесі таразыланды.

Гүлжан Жұмаш