Түркістан облысында биылғы жылы бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Жеке капитал есебінен өңірімізде үш бірдей ірі күн электр станциялары салынбақ. Бұл үш ауданда яғни, Созақ, Сарыағаш және Арыс аудандарында салынатын алып жобалар болмақ.
Ал Бәйдібек ауданында тамшылатып суғару өндірісіне қажетті құрылғылар шығаратын зауыт салынатын болады. Ордабасы ауданында мыс концентратын шығаратын зауыт және Сайрам ауданында өндірістік жылыжай кешені жобасы жүзеге асырылмақ.
Тартылатын инвестицияның жалпы құны 69 млрд. теңге болмақ. Ал жұмыспен қамтылатындардың қарасы 680 адамды құрайды деп жоспарланып отыр.