Жалғызбасты, көпбалалы ананың жағдайы көпті бейжай қалдырмады. Жуырда үшемді болған Фозила Досметоваға алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері көмек қолын созды.
Басқарма мамандары көпбалалы отбасына тиесілі барлық қолдауды көрсету үшін құжаттарын тапсыруға атсалып жатыр.Тіркеуі болмағандығы салдарынан мемлекеттен берілетін барлық жәрдемақыдан қағылған бұл жандардың тиісті құжаттары рәсімделген соң атаулы әлеуметтік көмекпен және бір реттік жәрдемақымен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, жанашыр мамандар кәсіпкерлермен, қайырымдылық қорларымен бірлесіп мұқтаж отбасыға азық-түліктер жеткізіп берді. Бұл ғана емес, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының өкілдері де балаларды қуанышқа бөледі. Сыртқы киімдері мен өзге де қажеттіліктерін тарту етті.
Мақпал Рысбаева