Оң жақ өткелдің жабық тұрғанына бір ай болды

324

Жангелдин көшесіндегі оң жақ өткелінің жабық тұрғанына бір айға жуықтаған. Жол үстінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік жүргізушілерінің қатынасын қиындатыпты.

Бүгін белгілі болғаны өткел астында құбыр жарылған. Сала мамандарының айтуынша ол құбыр арқылы Қошқар ата өзенінен Қарасу каналының бойындағы су сорғыш бекетке су жеткізіледі.

Ұзындығы 15 метр ғана құбырды алмастыруға кіріскен «Югдорсервис» және «Бәйтерек ЛБ» мекемелерінің жұмысшылары ауа райының жауын шашынды болғаны жұмысты жеделдетуге кедергі болған айтып ақталып отыр. Айтуларынша бірер күнде жол қайта қалпына келтіріледі.