Жаңа мегаполис тағы білім ошағымен толықты. Қалада Shymkent Business School атты мектеп ашылды. Бұл тың жобаларды іске асыруға құлшынған жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Білім орталығы «Шымкент әлеуметтік корпорациясы» АҚ мен Silkway университеті және «Ux (юкс) групп» компаниясының бірлескен қолдауымен жүзеге асып отыр.
Жаңа мектеп кәсіпкерлер мен болашақ бизнес өкілдеріне білім береді. Болашағын бизнеспен байланыстырған жоғары оқу орны студенттеріне де есік ашық. Қазірдің өзінде мұнда білім алуға ниеттілер саны 100-ден асып отыр.
Рашид Аюпов, «Shymkent» ӘӘК басқарма басшысы: «Бұл әкімнің тапсырмасы бойынша іске асырылып отыр. Қаладағы кәсіпкерлікті жандандыра түсуге сеп болады деп сенемін».
Ұсынылып отырған жобалар қазірдің өзінде сұранысқа ие. Жастардың өз еңбектерін қорғауынан-ақ олардың құлшынысы зор екенін байқауға болады. Бизнес мектептің безендірілуі де студенттік жобаның жемісі дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар мұнда тек білім алып қана қоймай, кәсіпкерлік саласына тың жобалар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Онымен қоса мектепте электронды сауданың жолдары жан-жақты оқытылатын болады.
Фарух Мухитдинов, 4 курс студенті: «Тың бастамамен айналысқым келіп жүрген. Табысты стартап жобалар қызықтырады. Бұл зор мүмкіндік».
Қатысушылардың жасы 18-бен 35 жас аралығында. Білім алу тегін, уақыты 15 күнге жоспарланған. Дәрістерді арнайы бағдарлама аясында білікті бизнес өкілдері жүргізетін болады. Оқуын аяқтаған әрбір қатысушыға арнайы сертификат беріледі.
Мақпал Рысбаева