«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Департаменттің басқарма басшылары брифинг берді.
Брифинг барысында Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру мәселесі талқыланды.
«Мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамауларын анықтау бойынша жұмыстарды бірлесіп жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы мен Қаржы министрі бірлесіп бұйрық қабылдаған.
Осы бұйрықтың орындалуы барысында жалпы Шымкент қаласында барлығы 64 мемлекеттік мекемеде түгендеу жұмыстары жүргізілді» — деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.
Айта кетейік, түгендеу жүргізу барысында жалпы 16055,895 м2 бос алаңдар анықталған. Сонымен қатар, түгендеу барысында 8 мемлекеттік мекеменің ғимаратты жалға алып отырғаны анықталып, жылына мемлекеттік бюджеттен 89 556 974 тенге бөлініп отырған.
«Қазіргі таңда түгендеу жүргізу нәтижесімен анықталған Шымкент қаласы Әділет департаментінің 1 910,8 м2 бос алаңына, аудандық басқармалары орналасты.
Сондай-ақ, түгендеу нәтижесімен ғимаратты жалдап отырған 4 мемлекеттік мекеме басқа ғимарттарға көшіріліп, бюджеттік үнемдеу 18 244 374 теңгені құрады» — деді Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Алиев.