Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін, Абай аудандық әкімдігі мен төтеншеліктер және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері жұмылып, кезекті рейдті өткізді.
Мамандардың мәліметінше, ауладағы мұндай қолдан жасалған кедергілер кәнігі көліктің ғана емес, жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндіру техникалық жасағының жұмысына (оқыс оқиға орын алған жағдайда) кедергісін келтіреді. Сондықтан, тұрғындар тарапынан заңсыз орнатылған темір және өзге де құйылмалы қондырғыларды жойып, аулалардың кіре беріс аясын кеңейтті.Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше, осы кезекті рейд аясында сала мамандары бір емес, 258 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын қарап, тексермек. Әзірге ондағы 60 заңсыз қолдан жасалған кедергілер алынып тасталды.
Мөлдір Бекеева