Түркістан облысының тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады. Шардара ауданында өткізілген мал ұрлығына қарсы жедел-профилактикалық шаралар аясында полицейлер бос жайылымдағы малды ұрлаған күдіктілерді ұстады.
Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтарында Шардара АПБ-де белгісіз біреулердің 200 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткендігі жайлы жәбірленушінің бірі келіп арызданған.
Асхат Құрманбаев, Шардара АПБ тергеушісі: «Шардара-Арыс тас жолының бойында Шардара ауданы Алатау ауылының . есімді тұрғыны ұсталды. Ол сиыр ұрлап жатқан жерінен құрықталған. Осы жәйт бойынша күдікті азаматты Шардара аудадық Пб жеткізіледі. Тергеу барысында оның бұдан да басқа қылмыстарыға қатысы бары әшкерленді».
Мал ұрлаудың 6 жайтына қатысы бар екендігіне тергеу жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығынның мөлшері 1,5 миллион теңгеден аса соманы құрайды. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Өз кезегінде, ТО ПД азаматтарға қажетті жағдайда сақ болуын және жайылымда малдарын қараусыз қалдырмауын, малдарға ен салып таңбалап қоюды, шаруашылық жайын мықтап бекітуді ескертеді.