Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды

294

2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды.

Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды.
Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі