Шымкенттің 2 тұрғыны интернет арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

446

(Фото: ҰҚК баспасөз қызметі)

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілініп отыр.

ҰҚК хабарлауынша, екі ер адам бүгін 6 наурызда құрықталған. Тергеу материалдары бойынша ұсталғандардың бірі бұрын алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.