Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарын орындау мақсатында Түркістан қаласындағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру бойынша «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы»
акциясы өтуде.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен шара 25-28 ақпан аралығында ұйымдастырылады.

Аталған басқарма қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және белсенді жастар қатысқан шара Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында өтеді.