Есірткі жарнамаларын өшірді

33

«Тосқауыл» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында 2024 жылғы 5-9 ақпан аралығында «Тосқауыл» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық көмекшілері мен белсенділері бірлесіп аудан аумағында ғимараттардың, инфрақұрылымдық жүйелердің сыртқы қабырғаларына есірткі заттардың қысқаша атауларын немесе оларды интернет жүйесінде өткізетін сайттардың сілтемелері көрсетілген жазбалар, 27 граффити-суреттерін анықтап өшірді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әкімшілік аумақты аралау барысында есірткі қылмысына қатысты 1 жайтты анықтады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Білім беру орындарының оқушыларымен құқықтық тақырыптарда кездесулер өткізуде. Кездесу барысында жасөспірімдермен әңгімелесіп, салауатты өмір салтының пайдасы туралы әлеуметтік роликтер көрсетіп, тиісті кеңестерін беруде.