Түркістанда әкімшілік іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары басталды.
Мердігер компаниялар кестеден кешікпеуді мақсат еткен. Нәтижесінде, әкімшілік орталық пен аумақтық мекеме ғимараттары және Конгресс-орталығы нысандарын салу мақсатында жер қазу жұмыстары жүргізілуде.
Компания мамандарының айтуынша, аталған барлық нысандар бір жарым жыл ішінде толық аяқталады. Бұдан бөлек, орталықта тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Мәселен, қоршау жасап жатқан мына тараздық компания тұрғын үй кешенін салмақ.
Жобалық -сметалық құжат бойынша құрылысшылар 12 қабатты 9 тұрғын үйдің құрылысын жүргізеді.
Жәнібек Дәлиев, тараздық құрылыс компаниясының бригадирі: «Қазір өзімізге тиесілі құрылыс аумағының қоршауын жасап жатырмыз. Мұнда біз тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаудамыз».
Шынар Оразова