Түркістан облысының полицейлері жоғалған қыз баланы іздеп тауып, туыстарымен табыстырды.
Қазығұрт ауданының тұрғыны 24 ақпан күні кәмелетке толмаған қызының үйінен шығып, қайта оралмағандығы туралы полицейлерге хабар берген. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, жергілікті полиция, сондай ақ көрші аумақтық құрылымдар да жұмылдырылып жоғалған қыз баланы іздеуге шыққан.
Нәтижесінде, екі күннен соң 16 жастағы қыз бала көрші Сарыағаш ауданынан табылған. Тәртіп сақшылары қызды ата — анасына аман есен қайтарды. Қазір істің барлық мән жайы анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз баланың ата — анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, кәсібилігі мен жеделдігіне ризашылығын білдірді.
«Түркістан облысының тәртіп сақшылары бала тәрбиесіне мұқият болып, назардан тыс қалдырмауды ескертеді»-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.