Úı Jańalyqtar Учаскелік полицейлер шымкенттікке жоғалған жылқысын қайтарды

Учаскелік полицейлер шымкенттікке жоғалған жылқысын қайтарды

Түлік иесіне шаруашылық жануарын жаю қағидасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен хаттама толтырылды.

350 мың теңге тұратын жылқының жоғалғаны туралы Асар шағынауданының тұрғыны Абай АПБ-на хабарлады.
Ер адамның айтуынша, ол бір тәулікке жуық уақыт іздеу жұмысын өзі жүргізген. Одан еш нәтиже шықпаған соң, полицияның көмегіне жүгінген.
Тәртіп сақшылары жануарды үш сағатта тауып, иесіне қайтарды.
Қала тұрғыны полицейлерге жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.