Ғабидолла Әбдірахымов: «Шымкенттегі цитадельдің Римдегі Колизей сынды маңызы зор»

369

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қасым-Жомарт Тоқаевқа цитадельді қайта құру жобасын таныстырды. Үшінші мегаполис басшысы осы жобаның жұмыс жоспарлары туралы әңгімеледі.

«Бұл тарихи қалашыққа апаратын цитадельдің қайта құру жобасы. Көптеген жәдігерлер археологтардың қазба жұмыстары кезінде табылған. Күзет мұнарасы, қабырғалар мен базарлар бар. Енді мамыр айының ортасында тіреу қабырғаларының жұмысы басталады» деді әкім.

Шымкент қаласының әкімі бұл нысан қала тұрғындары үшін тарихи маңызы бар екенін айтып өтті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қала басшысының идеясын қолдағанын айтты.

«Шымкент үшін цитадель Римдегі Колизей сияқты маңызды», — деді Ғабидолла Әбдірахымов. Қала әкімі президентке тарихи нысанда екі мың жылдан асатын тиындар табылғанын, соған орай Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар деп айтуға болатынын жеткізді.

«Біз ЮНЕСКО-ға тиісті құжатты жібердік. Біз Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілуін қалаймыз, олар біздің құжаттарымызды қабылдады », — деді Әбдірахымов.