Ажырасқандардың ортақ мүлік дауы медиациямен аяқталды

322
Kerek-info.kz

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талап қоюшы Д.-нің жауапкер Д.-ге ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды. Экс-жұбайынан дүкендегі жалпы 86​ 750​ 000 теңгені құрайтын ортақ мүліктегі өзіне қатысты тең жартысын және мемлекеттік баж салығы 433​ 750 теңгені өндіруді ​ сұраған.

Сот отырысы барысында, төрағалық етуші судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптарын және онда қаралған рәсімдерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Судья бітімге келудің екі жаққа да тиімділігін айтып, сол арқылы уақыт та, қаржы да үнемделетінін ескерткен. Дауласқан экс — жұбайлар​ медиациялық келісімді бекітуді сұранған.

Оның шарттары бойынша бұрынғы әйелі​ «RAV4» маркалы автокөлікті экс — күйеуінің​ атына аударып, техникалық тіркеу куәлігімен қоса беруге міндеттенген, сонымен қатар сенбі, жексенбі күндері кәмелет жасқа толмаған үш балаларын алып кетуге және тәрбиесіне қатысуға жауапкер кедергі жасамауға міндеттелген. Ал талап қоюшы, яғни экс — күйеуі өз талап қою арызынан бас тартқан.

«Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, іс бойынша төленген 433​ 750 теңге мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды»-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта, кетейік,​ сот ұйғарымы​ заңды күшіне енген.