Еңбек дауы медиация тәртібімен реттелді

27
фото caspiantoday.kz

Созақ аудандық сотында талап қоюшылар С., Ә., Р., А., жауапкер «В». акционерлік қоғамына жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою, лажсыздан бос жүрген уақыттарына жалақы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында судья тараптарға татуласу рәсімдерін жүргізудің салдары мен артықшылықтарын түсіндіріп, оларды медиациялық келісімге келуге шақырды.
Нәтижесінде тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту бойынша жазбаша арызы түсіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Медиацилық келісім бойынша жауапкер талап қоюшыларды бұрынға жұмысына қайта орналастыруға, бос жүрген уақыттарына айлық жалақыларын және жылдық сыйақыларын төлеп беруге міндеттеме алды, ал талап қоюшылар еңбек тәртібін сақтауға міндеттенді.
Тараптарға міндеттеме татуласу келісімінде көзделген мерзім ішінде орындалмаған жағдайда, оның мәжбүрлі түрде орындалатыны туралы түсіндірілді.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.