Тайландтың оңтүстік бөлігінде цунами апаты қаупі әлі де сейілмей тұр. Ранонг, Краби, Пхукет, Транг, Пханг-Нга және Сатун сынды алты бірдей аралда апаттың болуы мүмкін екендігі ескертілді.
23 наурыз күні Үнді теңізінде 5 және 5,2 балдық екі бірдей жер сілкінісі орын алды. Жер дүмпуі Андаман аралы мен Пхукет қаласында болғандықтан осы өңірлердегі қауіп-қатер деңгейі жоғары. Ал аталған елде шамамен 600-ден астам қазақстандық демалып жүр. Олардың қатарында шымкенттік жерлестеріміз де бар. Өңіріміздегі туристік фирма өкілдері болса алаңдайтын ештеңе жоқ дейді.
Андрей Шаповалов, туристік фирманың директоры: «Қазір Тайландтағы демалыс маусымы соңына таяп келе жатыр. Цунами алдағы уақытта бола қояды деп ойламаймыз. Себебі, жер дүмпуі 2 күн алдын орын алды. Толқындар осы уақыт аралығында жетіп үлгеруі керек болған. Сондықтан алаңдайтын дәнеңе жоқ. Ал Тайландағылар қандай жағдай болса да тас түйін дайын отыр. Ондағы өкілдермен де хабарласып отырмыз. Барлық қажетті іс-шаралар атқарылуда. Ал өзіміз жіберген адамдардың барлығы да аман сау. Олардың жағдайын гидтер арқылы біліп отырмыз. Тіпті алдағы бірнеше күнде тағы да Тайландқа демалушыларды жібермекпіз».
Мамандардың айтуынша, бұдан кейін Тайландта толқындар көтеріле түседі. Сондықтан дәл қазір онда демалуға тек сёрфингпен айналысатын болсаңыз ғана барғаныңыз жөн дейді. Ал судың өз қалпына түсіп, ауа температурасының да тұрақталатын мезгілі қазан-қараша айлары.
Меруерт Ахан