«Муайтай – спорт түрінен жоғары нәтижеге қол жеткізгендер баршылық…»

620

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы облыстық Муайтай спорт федерациясының мүшесі, бапкер Ұлан Құралбаев:

– Муайтай аса қиын спорт түрі ме?
– Бұл спорт түрі өте төзімділікті қажет етеді. Шынтақ соққысы, тізе соққысы аяқтан ұстап құлату сынды өзге спорттан ерекшеліктері бар. Муайтай тай елінің ұлттық спорт түріне жатады. Ерте заманда Тайланд жауынгерлері айналысқан. Тайландта 16 ғасырдан бері әйгілі. Әлем бойынша спорт түріне 20-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап енгізілді.
– Әлемде қарқынды даму үстінде ғой. Оның үстіне олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енгізу де жоспарланып отыр екен…
– Ия, қазір қарқынды даму үстінде. Олимпиадалық спорт түрлеріне енгізу жоспарда бар негізі.
– Бұл спорт түрімен айналысатындар арасында жарақат алатындар көп шығар?
Бұл спорт физикалық тұрғыда мықтылықты талап етеді. Оның үстіне төзімді, шыдамды болуы қажет.
– Аталмыш спорт түрі Қазақстанға қашан келді?
– Бұл спорт түрі елімізде 1992 жылдан бастап дами бастады. Фархад Аманқұлов ағамыз өзінің бауырларымен «Елеухан» атты спорт клубын ашқан. Арнайы республикалық федерация құрылғаны 1998 жылы. Арнайы акредиттелген. Шымкентте енді даму үстінде. 2014 жылы арнайы ресми спорт түрі бойынша қаладағы №11 жекпе жек түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ашылды. Шыңғыс Исабаев басқаратын мектеп. Ол ағамыздың бұл спорт түріне қосып отырған үлесі қомақты. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы федерация құрылды.
– Спортшылардың қатары көп пе?
– Ия, бұл спорт түріне қызығушылар көп. Жаттығулардан қалмай жоғары нәтижеге жетіп отырған жастарымыз көп. 2016 жылы спортшыларымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді.