Декларация теріс пиғылды туркомпанияларды көлеңкеден шығаруға ықпал етуі керек

182
РСТО

Жалпыға ортақ декларациялау теріс пиғылды турагенттердің қызметін бір ретке келтіріп, көлеңкеден шығаруға ықпал етуі керек. Сондай-ақ, «Туристік Қамқор» Корпоративті Қорын туристік нарықтың адал емес ойыншыларының лицензияларын қажет болған жағдайда артқа шақыру туралы қосымша өкілеттілігі берілуі тиіс. Бұл туризм саласы сарапшылары мен туризм нарығының ірі адал ойыншыларының пікірі.

Қазақстанда тіркелген барлық туркомпаниялардың жартысынан астамы заңсыз жұмыс істеуде. Екі жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасының Заңымен Шет елге шығу туризмі саласында азаматтардың құқықтарын кепілдендіру жүйесі іске қосылғанына қарамастан, барлық қатысушылар Заңға сәйкес қызмет көрсетпеуде, деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорының баспасөз қызметі.

«Туризм нарығы бұрынғы заманнан бері айналыста қолма-қол ақша жүреді, көп жағдайда оларға бақылау жасау мүмкін болмайды. Яғни кейбір нарық мүшелері қалыптасқан жағдайды теріс пайдаланып, барлық келіп түсетін табысты декларациялаудан жалтарақтайды. Сол арқылы жүргізетін қаржы операцияларының көлемін жасырады, бұған мемлекет қазынасына түспейтін салық та кіреді.
Үкімет әр туроператорда банк кепілі болуын және ТУРКОД беруін міндеттейді, яғни туриндустрияда тәртіп орнату әрекеті қолға алынды. Сөйтіп, тек туристердің құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен бірге туроператордың сатып отырған өнімінің заңдылығын бір ретке клтіру бастамасы қолға алынды. Ол үшін әрекетін Заңды атқарып отырған туроператорда форс-мажор жағдай туындай қлған жағдайда өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда Банкте қаржылық кепілі болуы тиіс», – дейді «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қордың директоры Асылхан Есілов.
Сөйтіп, туроператор өзінің қаржылық кепілімен нарықта жүргізіп отырған саясаты декларациямен бекітіліп, расталғанын, банк кепілімен қамтамасыз етілгендігіне кепілдік береді, ал турист, тиісінше, егер туроператор қандай да бір жағдайда туристті қайтару бойынша өз міндеттемелерін адал орындамаса немесе оларды мүлдем орындамаса, «Туристік Қамқордың» қорғауына алынады.

«Жүйе әр туристке ТУРКОД-ты автоматты түрде береді. Көптеген туроператорлар «таза бухгалтерияны» жүргізу ниеті жоқтығын, оны қосымша қаржы жүктемесімен түсіндіріп, әр турист үшін 0,5 АЕК енгізгісі келмейтіндерімен алға тартады. Бұл, мысалы, шетелден кеден арқылы декларацияланбаған тауарды өткізумен бірдей. Тура осындай жағдай туризм нарығында да қалыптасып отыр. Біреу өз міндеттерін адал орындайды – кепіл жарнасын төлейді және сол арқылы шетелдегі туристің қауіпсіздігіне кепіл береді, ал біреу қолма-қол ақшамен жұмыс істейді, қос бухгалтерияны жүргізеді және өз клиенттері алдында ешқандай заңды жауапкершілік алмайды», – дейді адал туроператор бас директоры Анна Соловьева.

Сарапшылар қалыптасқан мұндай жағдайда мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағы кеңейе түсетіндігіне сенімді. Тиісті уәкілетті мемлекеттік орган, оның ішінде мемлекеттік кірістер органы, туристік қызметтер ұсыну саласын тәртіптке келтіруге міндетті. Ал тұрғындар нарықта «Туристік Қамқор» Қоры бар екенін және оның толыққанды жұмыс істеп отырғаны туралы мейлінше ақпараттандырылуы тиіс.

«Қор өте сәтті және адал жұмыс істеп отыр. Қор жұмыс істегелі бері ешқандай келеңсіз жағдайлар, атышулы оқиғалар орын алған емес. Яғни Қордың барлық күш-жігері осы аралық ішінде шетелдегі біздің туристермен мүмкін деген төтенше жағдайларды болдырмауға, оларды алдын алуға бағытталды, — деп, атап өтті А. Соловьева.
А. Есилов туристік нарықтың теріс пиғылды туркомпаниялардың нарықта қалыптасқан жағдайды өз пайдасына шешіп, түрлі айла-амал — тәсілдер мен қулықтарға бару мүмкіндігін атап өтуде.

«Тағы бір өзгешелік бар. Көптеген туркомпаниялар шетел туроператиорларымен тікелей жұмыс істеуге көшкен, яғни қажетті жарналар мен делдалдық қызметтерді, сондай-ақ банк қызметтерін, салықтарды, валюта айырбастауды, курстағы жоғалтуларды және сол сияқты төленуі тиіс жарналарды төлемей кетеді. Өтйкені олар қолма-қол ақша алады және шетелге де қолма-қол ақша күйінде жібереді (жеке тұлға ретінде).

Ал мемлекет тарапынан бақылауға келетін болсақ, Заңда уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған жағдайда заңды белшесінен басқан туроператордың қызметін тоқтату құқығына ие деп жазылған. Дей тұрғанмен, мұндай фактіні анықтау мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тексеру кезінде ғана мүмкін болады. Өз кезегінде Корпоративті Қор жазалау әдістері есебінен емес, керісінше азаматтардың өз бетінше сапалы өнімді таңдауы, кеңседе туристік жолдаманы сатып алу кезінде оған ТУРКОД-тың берілген немесе берілмегендігін анықтауы үшін кеңінен ақпараттандыру айналысып келеді. Тағы бір маңызды дерек. ТУРКОД-тың бар екенін Қор сайтына кіріп те тексеріп алған абзал. Арнайы берілген ТУРКОД-дың сандары мен әріптерін іздеу сызықшасына енгізіп, жолдаманың шын мәнінде сізге сатылғандығына көз жеткізу қажет», — деп түсіндіреді А. Есилов.

Туристік нарықтың ойыншылары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастан енгізілетін жалпыға ортақ декларациялауға мол сенім артып отыр.

«Жалпыға ортақ декларациялау туристік нарықтағы жағдайды түзетуге көмектесуі тиіс, «көлеңке нарығы» деген ұғым мүлдем жойылуы тиіс. Қорға мемлекет тарапынан қосымша өкілеттіліктер берілуі керек деп есептеймін, «Туристік Қамқор» нарықтың теріс пиғылды туркомпаниялардың лицензияларын, қажет болған жағдайда, артқа қайтаруға құқылы болғаны дұрыс. Сайып келгенде, мұның барлығына біз ақырындап, бірте-бірте келеміз, оған тек уақыт қажет. Ал кей жағдайда уақыт күттірмейтін жағдайлар болып жатады, сол үшін ғана қынжыласың», – деп қорытты өз сөзін А. Соловьева