Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі өтуде

30

Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. Науқанға шамамен тағы 4 млн-ға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қазір жұмыс барысын және оның талаптарын жергілікті жерлерде сала мамандары түсіндіріп жатыр.

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы Өндірістік емес төлемдер бөлімінің мамандары Шымкенттегі ірі әмбебап сауда дүкенінің бірінде декларация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Биыл оның үшінші кезеңі бойынша жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайылары табысы жөнінде есеп береді. Саудамен айналасқанына 15 жыл болған Таңшолпан декаларацияны тапсыру керектігін білеміз, заң аясында жұмыс істеп жүрміз дейді.

Таңшолпан, жеке кәсіпкер: «Білмегенімізді сұраймыз. жаңа түсіндірді. Қазір мобильді қосымшада да бар ғой»

Сатушы Елена Воронова декларация туралы мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұратынан айтады. Шара барысында сұрақтарымызға жауап аламыз дейді.

Елена Воронова, сатушы: «Қолма-қол ақшамен және де мобильді қосымшалары, кассалық бақылау машиналары арқылы есептесу түрлері барын жетік білеміз. Әрине біз декларацияны уақтылы тапсыру керектігін де білеміз».

Әл-Фараби ауданында 22 325 дара кәсіпкер және 16 169 заңды тұлға тіркелген. Келер жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша жалпы жұбайларын қоса алғанда 50 000 жуық салық төлеуші салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

Нұрмаханбет Сейітқұл, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімі басшысы: «Айна», «Жоғарғы базар» сауда орындарында  декларация жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.  Енді міне ОӘД-да түсіндіріп жатырмыз. Жеке кәсіпкерлер  мен олардың жұбайлары ағымдағы жылдан бастап табысы жөнінде  есеп береді. Жалпы декларациялау бойынша есепті   15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс.  Ол мерзімнен кешіктірілсе, ескертеміз. Құлақ аспаса жаза көріледі».

Сала мамандары кәсіпкер қағаз жүзіндегі декларацияны 15 шілдеден кешіктірмей, электронды түрде – 15 қыркүйектен кешіктірмей жіберуі керектігін ескертеді. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), Жұмыс «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.