Ағымдағы жылдың қаңтарында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын шағымданып, оның көлік жуу бекетіне белгісіз біреулердің келіп, арнайы көлікжуу құрылғыларын ұрлап кеткендігін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын жарты миллионнан астам соманы құрайды. Бұл жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ тіркелді.
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер көлікжуу құрылғыларын ұрлауға қатысты күдіктіні ұстауда барлық қажетті жедел іс шараларын жүргізді.
Сарыағаш АПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жергілікті тұрғындар болып табылатын кінәсін мойындаған екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің тағы да 6 жайтқа қатыстылығы анықталды. Келтірілген шығын 2 миллионға жуық соманы құрады. Заттай айғақ ретінде ұрланған мүлік заңды егесіне қайтарылды.
Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жинақталған материалдар айыптау актісімен қоса шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Өз кезегінде, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын болдырмауда, Түркістан облысының полициясы азаматтарға бөлмелердің кіре беріс есіктері мен терезелерін мықтып бекітуді, үйлерге қауіпсіз құлыптар мен темір торлар қоюларын ескертеді. Үйден немесе офистен шығар кезде есік, терезелерді мұқият жауып, ғимаратқа «дабыл қаққыш» қауіпсіздік сигналдарын орнатқаныңыз жөн.
Егер де сіз бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз «102» телефонына тез арада хабарласыңыз.
ТО ПД Баспасөз қызметі