Көлік жууға кететін ауыз судың мөлшері есептелді

44
фото stan.kz

 Көлік жууға кететін ауыз судың мөлшері белгілі болды. Есепті жүргізген Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда бір көлікті жууға 200-250 литр су, ал бір жүк көлігіне 500-700 литрге дейін су жұмсалады. Сонда жылына шамамен 100 миллион текше метр ауыз су кететінін анықтады.

«Шағын және орта бизнес нысандары іс жүзінде ауыз суды пайдаланатын болғандықтан суды қайта пайдалану технологияларын енгізудің шұғыл қажеттілігі бар. Ал жергілікті тазалау құрылыстарын автокөлік жуу сияқты орындарында кеңінен енгізілсе, орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен ауыз суды тұрақты тұтынбай, оны қайта пайдалануға мүмкіндік болады»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.
Қазіргі кезде министрлік жаңа Су кодексін әзірледі. Оған сәйкес, кәсіпкерлер суды қайта пайдалану жүйеге көшу жоспарын ұсынып, біртіндеп осы технологияларды енгізуге міндеттеледі.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз сумен бау-бақшаны суаруға және көлік жууға жол бермеу қажеттігін айтқан болатын.