Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі базасында Төлеби ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жастар арасында ұлттық жәдігерлеріміздің бірі көшпенділер ойыны өтті, деп хабарлайды аудандық Жастар Ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
Асық ату, тоғызқұмалақ , ләңгі тебу сынды ұлттық ойындарымызды насихаттау және жастардың бойында шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өтті. Аталған сайысқа Көксәйек ауылдық округіне қарасты мектеп оқушылары мен колледж жастары қатысып, жалпы командалық есепте колледждің жастары алғашқы орыннан көрінді.
Бүгінгі ойында жоғары ұпай жинаған командалар «Көшпенділер ойынының» ақтық кезеңіне жолдама алды. Ұлттық жәдігеріміз болып саналатын сан ғасырлық ойындарымыз жаңарған әлемде дами берсін.