Кентаудың жастары жемқорлыққа қарсы күресіп жатыр

527

«Адал жолды таңдаймыз». Осындай тақырыптағы «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы Түркістан қаласынан Кентау қаласына жолданды.

Жастар үшін ұйымдастырылған кезекті эстафетаны табыстау рәсімі бұл жолы өзгеше форматта өрбіді. Шараға жалпы 500 – ге жуық жастар қатыстырылып, флешмоб пен патриоттық әндер шырқалды.«Басты мақсат – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру», – дейді ұйымдастырушылар.Жиынның маңызды бөлігінде эстафета кітабын Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Досыбай, Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расулға, ал эстафета туын Кентаулық әріптесі Қ.Бекметовке салтанатты түрде табыс етті.Айта кетейік, жастар арасындағы осынау «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Ал ауқымды жобаның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7-желтоқсанда халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді деп жоспарланып қойған.

Мөлдір Бекеева