Мереке қарсаңында дәрігерге тегін қаралуға мүмкіндік бар

230

Шымкентте дәрігерлер мереке қарсаңында көпбалалы аналарды ашық есік күнінде қабылдауды бастады. Шара аясында батыр аналар және қыз-келіншектер үшін 15 медициналық ұйымда дәрігерлер қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін таңғы сағат тоғыздан бастап қаладағы емханалар ашық есік күнінде қабылдау жұмыстары бастады. Ашық есік күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық емханаларда наурыз айының төртінен бастап жетісіне дейін 09:00-ден бастап 13:00-ге дейін ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез-келген қыз-келіншек дәрігерге жолдамасыз әрі тегін көріне алады.

«№1 қалалық емханасы» -4,5,6,7-наурыз.
«№2 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз.
«№3 қалалық емханасы» -4,5,6,7-наурыз.
«№4 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№5 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№6 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№7 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№8 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
№9 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№10 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№11 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз
«№12 қалалық емханасы»- -4,5,6,7-наурыз
«№13 қалалық емханасы» —4,5,6,7-наурыз