Жуырда жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісі Шымкент қаласы ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің взвод командирі полиция капитаны Қайрат Алимханов пен полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Марат Қасымбековке 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған жайт анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігіне сәйкес «Пара беру» жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Егер, Сіз полиция қызметкерінің пара алу немесе оған пара беру жайтының куәгері болсаңыз, Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына 21-43-23 хабарласыңыз.