Шымкентте серіктестік басшысы 20 тапаншаны өз еркімен тапсырды

173

Шымкентте ер адам ерікті түрде 20 тапанша тапсырды. 19 наурызда Шымкент қалалық Полиция департаменті Еңбекші аудандық ІІБ-не 39 жастағы М.Н. арыз тапсырған. Азамат жұмыс орнында қару бар екенін – оны ерікті негізде тапсыруға ниеттенетінін айтқан.

Ол Ташкент көшесінде орналасқан «ЮгВзрывПром» ЖШС-нің басшысы болып шықты. Серіктестік бұрғылау жұмыстарымен айналысады. Оның сақтауында 20 тапанша, 7 дана аңшы мылтығының оқтары және 488 оқ — дәрі болғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Барлық сигналдық арсенал полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Оқиға орнына Шымкенттік полиция қызметкерлері келді. Бұл оқиға ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Еңбекші аудандық РУП ПК-да тіркелген.

Ернар Балабеков