Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және оның аумақтық басқармалары тарапынан халық арасында тамақтан уланудың және өткір ішек ауруларының алдын алу мақсатында, рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан тағам объектілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Тұрақты түрде кәсіпкерлерге қандай талаптардың сақталуы керектігі, рұқсат құжаттарын қалай алатындығы және заң талаптары орындалмаған жағдайда қандай әкімшілік шаралар қабылданатындығы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 146 объектілер рұқсат құжаттарын рәсімдеген. Жоспардан тыс тексеру нәтижесімен 4 объекті бойынша сотқа талап арыз жолданып, сот шешімімен айыппұлдар салынған болатын.
Соған қарамастан, бүгінде рұқсатсыз өз жұмыстарын бастаған кафе, тойхана, наубайхана, шайхана, кондитер цехтары анықталды: Абай ауданы бойынша 5, Әл Фараби ауданы бойынша 33 тамақтану орындары анықталып отыр.
Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарын рұқсат құжаты жоқ тағам объектілерінде тамақтану Сіздің және балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескертеміз!
Сол себепті, кәсіпкерлерді және әлеуметтік желілер арқылы тағам өнімдерін өндірумен, сатумен, тамақтануды ұйымдастырумен айналысатын тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңдылықтардың талаптарын сақтауға және тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдеуге шақырамыз.
Кеңес алу қажет болған жағдайда, Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (Қонаев даңғылы, 27; байланыс телефоны: 8 7252 30 03 04) жүгінуге болады.