Белгісіз біреулер дәмханада қызды ұрып, соғып кетті

55

Шымкент қалалық Ішкі істер департаменті қаладағы дәмханалардың бірінде белгісіз ер адамдардың қызды соққыға жығып кетуіне  қатысты түсініктеме берді. Баспасөз қызметі қазір бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Шымкент қалалық ІІД ресми хабарламасында.

Полицейлер жарақаттың ауырлығы анықтағаннан кейін барлық қажетті шаралар дереу қабылданатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда бір топ ер адам телефондарды қайта сату үшін мекемеге кірген. Кафе қызметкері оларға дәмханадан шығып кетуін сұрағанда, оны ұрып соғып кеткен.