Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

609

10 наурыздан 11-не қараған түні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде төбелес болған. Бейнетаспаға түсірген куәгерлердің айтуынша айқай шу және жылаған дауыстарды естіген.

Шымкент қаласының Полиция департаменті болған оқиға туралы «Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің «102» телефонына қоңырау түскен. Осы қоңырау бойынша полицияның жедел-тергеу тобы сол жерге жедел жетті. Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды. Түркістан облысының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде» деп түсініктеме берді.