Шымкенттік онкологтар ашық есік күніне шақырады

376

Шымкент қалалық онкологиялық орталық «Ашық есік» күніне шақырады. Орталық дәрігерлер сенбі арнайы демалас күні қала тұрғындарын кезексіз қабылдап, қатерлі ісік ауруын алдын алу үшін медициналық тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Нақтырақ айтқанда, қалалық онкологиялық орталықта 2019 жылдың 30 наурыз күні сағат 09:00-15.00 аралығында «Колоректальды обырдың» алдын алу мақсатында ашық ескі күні өтеді.

Бұл күні дәрігер-онкохирург, дәрігер-онкопроктолог қала тұрғындарын жолдамасыз қабылдап, тегін кеңес береді. Қатерлі ісікті алдын алатын мұндай медициналық тексеру жұмыстарын шымкенттік дәрігерлер қала тұрғындарының бос уақытына қарай арнайы демалыс күндері өткізеді.