Түркістан облысының монополияларға қарсы органы құқықты бұзғандарды жауапқа тартпаған

227

Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты монополияларға қарсы органның «Куат-Жылу орталык-3» МКК-на қатысты әкімшілік өндірісін қысқарту туралы заңсыз қаулысын бұзды.

Тұтынушыларға техникалық құжаттарын табыстау мерзімдерін бұзғаны үшін уәкілетті орган кәсіпорынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны (ӘҚБтК-нің 164б. 4.б) анықталды.

Одан кейін де әкімшілік құқық бұзушылықтың анық құрамы болуына қарамастан, аталған әкімшілік іс өндірісі негізсіз тоқтатылған.
Бұл шешім заңсыз қабылданғандықтан облыс прокуратурасы оған сот тәртібіне сәйкес наразылық келтірді.

Соттың қаулысымен прокуратураның наразылығы қанағаттандырылып, «Куат-Жылу орталык-3» МКК-на 2 693 600 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Заңсыз шешім қабылдаған уәкілетті органның лауазымды тұлғасы сыбайлас жемқорлық санатында бұданда бұрын жасаған құқық бұзушылығы үшін қылмыстық жазасын өтеу үстінде.

Түркістан облысының прокуратурасы