Жылу бағасы қымбаттай ма?

266

Шымкентте алдағы маусымда жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі, қазіргі жылу бағасына қойылған тариф кететін шығынды ақтамайды екен. Осылай деген №3 энерго орталығының мамандары 1 млрд 149 млн 3 мың теңге шамасында шығынға ұшырадық деп отыр.

Сондықтан да мамандар облыс бойынша табиғи монополияны реттеу агенттігіне  2015-2019 жылдарға арналған жылу тарифінің жобасын ұсынып отыр. Айтуларынша, егер ұсыныс мақұлданып қолдау тапса, 2015 жылдан бастап жылу бағасы 31,69 пайызға қымбаттайды.

Мамандардың жоспары бойынша, 5 жылда жылу тарифінен (2015 – 2019 жж) 3 млрд теңге көлемінде пайда түседі. Бұл қаржы ескі құбырларды аустыруға және сала мамандарының айлық жалақысын көтеруге жұмсалмақ.